Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде әр балаға ақшалай көмек беріледі

10.01.2023, 16:00 212

Елімізде биылдан бастап әлеуметтік топтаманың орнына әр балаға ақшалай көмек беріледі. Табысы аз отбасы балаларына қосымша ұсынылатын азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтың құны 5.175 теңге деңгейінде белгіленді.

2020 жылғы қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына АӘК-ке қосымша әлеуметтік қолдау шарасы ретінде азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылғаны белгілі.

Әлеуметтік топтаманы алушылардан осы топтаманы заттан гөрі ақшалай форматқа ауыстыру туралы ұсыныстар көп болғандықтан, мемлекет оны монетизациялау туралы шешім қабылдады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: