Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ел жанашырларына құрмет көрсетілді

27.10.2023, 14:25 251

25 қазан – Республика күні

…Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!…

Әнұранның бұл тармақтары күні кеше Нартай Бекежанов атындағы драма театрында Республика күніне орай өткен салтанатты жиында тағы бір шырқалды. Егемендіктің белгісі ретінде елімізде 25 қазан – ұлттық мереке Республика күнін тойлау соңғы екі жыл ішінде жоғары деңгейде өтіп келеді. Бұл күннің тарихы туралы толғаудың аса қажеті жоқ болар, өйткені өскелең ұрпақ бұл атаулы датаның кешегісі мен бүгінінен хабардар. Жұрт жадында жаңғыратын осы күн барша қазақстандықтың патриоттық сезімін тағы бір асқақтатып, рухын өсіреді, келешегіне деген мақсатын нығайтады.

Алқалы жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барша Сыр жұртын мерейлі мерекесімен құттықтап, Республика күнінің маңызына, сән-салтанатына тоқталды.

– Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. Өздеріңізге белгілі, Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың тұңғыш жиынында мемлекет басшысы Республика күнін ұлттық мереке мәртебесіне қайтаруды ұсынып, оны еліміздің басты мейрамы ретінде атап өту туралы бастама көтерді. Бұл бастама халықтың қолдауына ие болып, тиісті заңға өзгеріс енгізілді.

Ел президенті «Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Мерейлі күн азаматтарымыздың өзара түсіністігін, тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке болмақ» деген болатын. Биыл облыста 9 мектеп пайдалануға берілуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 мектептің құрылысы басталуда. Физика-математика бағытындағы мектеп-интернаты мен «Оқушылар үйі» салынуда. 300 орындық көпбейінді аурухана құрылысы, Қан орталығы бой көтеруде. «Анаға тағзым», «Отбасы» орталықтары қызметін бастады. Жыл соңына дейін «Өнер» орталығы халық игілігіне табысталады. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 27 нысанының құрылысы жүруде. Мереке салтанатында жаңарған қаланың көркем келбетіне көз жетіп, көңіл толып, өскелең өмірге қадам бастық, – деді аймақ басшысы.

Құттықтаудан соң, туған жерді түлетуге атсалысқан даңқты тұлғалар сахна төріне шығарылып, құрмет көрсетілді. Алдыңғы күні еліміздің бас қаласы Астанада мемлекет басшысының қатысуымен өткен салтанатты кеште жерлесіміз, «Таң ЛТД» ЖШС-ның директоры, еңбек саласында қызмет етіп келе жатқан сырбойылық азамат Имамзада Шағыртаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» төсбелгісімен наградталып, аймақ жұртшылығының абыройын еселеген еді. Ал кешегі мерекелік жиында Нұрлыбек Машбекұлы президент қолынан марапат алған Сыр тумаларын құрметпен сахнаға шығарып, ел ықыласына бөлендірді.

– Баршаңызды ұлттық мерекемізбен құттықтаймын! «Қазақстанның Еңбек Ері» наградын алу оңайға соқпады. Бұл марапат барша еңбек адамдарына көрсетілген құрмет деп білемін. Сол үшін ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы мен аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлына алғыс білдіремін, – деді «Қазақстанның Еңбек Ері» медалінің иегері Имамзада Шағыртаев.

Мұнан бөлек бас қалада мемлекет басшысынан «Парасат» орденін иеленген Ақмарал Әлназарова мен Қылышбай Бисенов сахнаға шығып, жұртшылықты ұлттық мерекемен құттықтады.

Еліміздің және аймақтың дамуына ерекше үлес қосып жүрген бірқатар азамат Республика күнінде марапат мінберінен көрінді. Жиында ел жанашырлары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 16 қазандағы №377 Жарлығына сәйкес, «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен, сондай-ақ, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медалімен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталды.

«ПАРАСАТ» ОРДЕНІ:

ӘЛНАЗАРОВА Ақмарал Шәріпбайқызы – медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі.

БИСЕНОВ Қылышбай Алдабергенұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі;

БАЙМАХАНОВ Қожахмет Мәдібайұлы – Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері;

БАЙҚАДАМОВ Наурызбай Сейтқалиұлы – Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы. «Құрмет» орденінің иегері;

ҚҰЛБАЕВ Алданберген – «Қызылдихан» шаруа қожалығының төрағасы. Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалі мен «Құрмет» орденінің иегері;

ӘУБӘКІРОВ Асқар Әкімбайұлы – «Кристалл Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Директорлар кеңесінің төрағасы, меценат, «Құрмет» орденінің иегері;

ҚАРСЫБЕКОВ Оразхан Қайыржанұлы – «Kazpetrol Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Байқаушы кеңесінің төрағасы. «Құрмет» орденінің иегері;

ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ Қазыбай – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Мәскеудегі Педагогикалық білім беру халықаралық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Білім беру ісінің құрметті қызметкері әрі үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІ:

АЛИЕВ Садық – Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;

ҚАЙРОЛЛАҰЛЫ Қорғанбек – еңбек ардагері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы;

РАХИМОВ Тастемір Сауранбайұлы – құқық қорғау саласының ардагері. Қызылорда қаласының Құрметті азаматы;
СҮЛЕЙМЕНОВ Кенжеғара – Жалағаш ауданының Құрметті азаматы. Жалағаш аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы;

ҚЫСТАУБАЕВА Азия – Жаңақорған аудандық «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы;

ОРАЗМАХАНҰЛЫ Шынжырбай – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының Көп бейінді облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер-нейрохирург. Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы;

ОҢҒАРБАЕВ Аманжол Сақыпұлы – «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры. Қызылорда облыстық мәслихатының бірнеше шақырылымдарының депутаты;

ИБРАЕВ Рашид Өткелбайұлы – «Бастау-S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты;

САТАНОВ Мирамбек Амантайұлы – «Най-Мир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;

БАЙМАНОВ Шахмардан Асқарұлы – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;

ШАЛҚЫБАЕВ Қанат Әйтішұлы – «Шалкибаев Қ.А.» жеке қыш шығару зауытының басшысы;

МАУБАЙ Жайықбек Жетесұлы – «Қыран» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;

БАҚЫТБЕКҰЛЫ Нұркен – «Ер-Ару-К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты. Сырдария ауданы мен Қызылорда қаласының Құрметті азаматы;

МОЛЖАНОВА Алтынай Бекмағанбетқызы – «Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының «Анаға тағзым» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;

ИБРАЕВ Нұрболат Балтабайұлы – «Орда – Автодор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты;

ҚАРАМҰРЗАЕВ Сәбит Қылышбайұлы – «Шыңғыс құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІ:

АЙЫМБЕТОВ Әділбек – Арал ауданының Құрметті азаматы. Ауыл шаруашылығы саласының ардагері. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;

ЫДЫРЫСОВ Серхожа – еңбек ардагері. Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;

ЕРНАЗАРОВ Қайрат Шаршыбекұлы – «Бақ-Береке 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты. Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;

ДӘРІБАЕВА Гүлсім Әбілқасымқызы – «Ақмая» шаруа қожалығының күріш бригадирі. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.

Қоғамға шын жанашыр азаматтар марапат мінберіне шықты. Иә, туған жердің көркеюіне үлес қосып жүргендерге алғыс білдіру – құптарлық іс. Марапаттау рәсімінен кейін жиылған жұртшылық әсем ән тыңдап, мың бұралған бишілердің өнерін тамашалады. Бір сөзбен айтқанда, биылғы Республика күнін тойлау деңгейі жоғары дәрежеде өтті.

Ердәулет ҚАЛИЕВ,

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: