Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталды: ҰҚК ресми мәлімдеме жасады

12.11.2026, 12:16 42

Қазақстанда екі ірі ұлттық компанияның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды. Олардың арасында «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиев бар, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 11 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті ұстады. Олармен бірге басқа да адамдардың ұсталғаны белгілі болды.

ҰҚК баспасөз қызметінің 12 қарашада жариялаған ресми хабарламасына сәйкес, аталған тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген.

— Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысына қатысты өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Әзірге күдіктілерге нақты қандай баптар бойынша айып тағылғаны, істің қандай қаржылық операцияларға немесе келісімдерге қатысты екені ресми түрде нақтыланбады. Ұсталған өзге адамдардың да аты-жөні жарияланған жоқ.

Нұрлан Жақыпов басқаратын «Самұрық-Қазына» қоры еліміздің стратегиялық маңызы бар ұлттық компанияларын біріктіреді. Ал Елжас Отыншиев 2026 жылғы 20 шілдеде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалған.

ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жалғасатынын мәлімдеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: