Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Асыл жырдың Асқары

12.11.2026, 11:35 17

HALYQLINE.KZ

Сыр елінің рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан қаламгер, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ақын-драматург Асқар Кіребаевтың 80 жылдығына арналған «Асыл жырдың Асқары» атты еске алу кеші өтті. Бұл туралы Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Өмірін қазақ әдебиетінің өркендеуіне арнап, артына өшпес мұра қалдырған тұлғаны еске алу кешіне зиялы қауым өкілдері және өнер сүйер қауым, ақынның туған-туыстары, ұрпақтары қатысты.

Кеш барысында облыс әкімінің кеңесшісі Руслан Рүстемұлы, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Дүйсенбек Аяшұлы, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, жыршы Берік Саймағанбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Әмір-Темір Хұсейн Жүсіпұлы естеліктерін айтып, ақынның шығармашылық жолына тоқталды.

Сондай-ақ театр артистері ақынның өлеңдерін оқып, «Махаббат пен ғадауат» спектаклінен үзінді қойды.

Асқар Кіребаевтың сөзіне жазылған әсем әндерді «Сыр сандуғаштары» балалар вокалды тобы, Индира Елубаева, Рауза Ысқақова, Тоғжан Бауыржанқызы, Дінмұхамед Тілеуберген және Аружан Төреғали орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: