Тіл – әрбір ұлттың ең басты байлығы. Ана тіліміз арқылы біз өз ойымызды жеткізіп, бір-бірімізбен сөйлесеміз. Қазақ тілі – ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Оны құрметтеу және сақтау – әрбір қазақтың міндеті. Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тіл. Оның тарихы тереңде жатыр. Тіл арқылы халқымыздың салт-дәстүрі, мәдениеті мен тарихы ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.
Әрбір адам өз ана тілін жақсы білуі керек. Қазіргі уақытта қазақ тілінің мәртебесін көтеру өте маңызды. Ол үшін кітап оқып, қазақша сөйлеп, сауатты жазуға тырысуымыз қажет. Сонымен қатар басқа тілдерді үйрену де пайдалы. Бірақ өз ана тілімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. Мен өз ана тілімді мақтан тұтамын. Қазақ тілінде сөйлегенді, өлең оқығанды және мақал-мәтелдерді үйренгенді жақсы көремін.
Қорытындылай келе, тіл – ұлттың жүрегі, халықтың жаны. Әрбір адам өз ана тілін құрметтеп, оны сақтауы керек. Қазақ тілімізді мақтан тұтып, келешек ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз. Ана тіліміз мәңгі жасай берсін!
Айару МУСИРБЕКОВА,
№85 орта мектептің 8 «Ә» сынып оқушысы,
Жетекшісі: Назира Жакипова.
Төретам кенті
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!