Жыл сайын 8 қарашада елімізде Статистика күні атап өтіледі. Осыған орай Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінде департамент басшысы Қайрат Әбсұлтановтың төрағалығымен кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шараға қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Тлеумбетов департамент ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, басқарма басшысы Руслан Каюповтың арнайы құттықтауын табыстады.
Жиын барысында статистика саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі атап өтіліп, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлесіне ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, статистика саласы – ел дамуының негізгі көрсеткіштерін айқындап, экономикалық және әлеуметтік үдерістерді саралауға мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі. Сондықтан сала мамандарының еңбегі мемлекеттік басқару мен қоғам үшін айрықша маңызға ие.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!