Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі аралдықтардың өтініштерін тыңдады

12.11.2026, 11:15 14

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Арал ауданына жұмыс сапары аясында жұртшылықпен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдауға 50-ге жуық азамат келіп, өтініш-тілектерін жеткізді.

Тұрғындар көтерген мәселелер негізінен баспана алуға, денсаулық, білім салаларына, жол жөндеу, елді мекендерді газдандыруға, т.б. қатысты болды.

Ұсыныс-пікірлерді тыңдаған аймақ басшысы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Көтерілген барлық мәселені шешу жолдары жан-жақты зерттеледі.

Мәселен Сексеуіл кентінің тұрғыны 37 шақырым «Самара–Шымкент–Сексеуіл» аудандық маңызы бар автомобиль жолының қазіргі жағдайын айтты. Бұл жол «Арал–Каспий» магистралінің құрылысына байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ теңгеріміне берілген. Алдағы уақытта магистраль құрылысы аясында учаскені қайта жаңғырту және жаңадан асфальт төсеу көзделген.

Жеке кәсіпкер Әлия Хамидоллақызы «Шанхай» шағын ауданынан емхана, № 13 мектепке жаңа ғимарат салу мәселелерін көтерді.

Арал қаласында бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын емхана жобасы әзірленген. Қазіргі уақытта тиісті министрлікке бюджеттік өтінім жолданып, шешімі күтілуде.

1930 жылы салынған Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектеп орнына 450 орындық жаңа ғимарат салу жобасы да дайындалған. Қолданыстағы екі қабатты ғимараттың оқу кабинеттері, кітапханасы, акт және спорт залдары талапқа сай келмейді. Осыған орай Арал қаласы Қарасақал Ерімбет көшесі №15 мекенжайында жаңа мектеп салу және ескі ғимаратты бұзу жобасы әзірленді.

Тұрғындар құқық қорғау органдары басшыларының қабылдауында болып, өздерін толғандырған мәселелердің заң шеңберінде шешім табу жолдары туралы кеңес алды. Құқық қорғау органдарының басшылары қабылдауға келген тұрғындарға көтерілген мәселелердің заңдық негізін жан-жақты түсіндірді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: