Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы тағы 15 пайызға өсті

12.11.2026, 14:45 27

Елімізде су шаруашылығы саласы мамандарының еңбекақысы кезең-кезеңімен көтеріліп жатыр. 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қызметкерлердің жалақысы тағы 15 пайызға артты, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, соңғы жылдары «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға бағытталған бірқатар шара қабылданған. Атап айтқанда, 2024 жылы жалақы орта есеппен 25 пайызға, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 35–50 пайызға өскен. Биыл сәуір айында еңбекақыға қосымша 15 пайыздық өсім енгізілді. 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов мәлімдеді.

— Осы түзетулердің нәтижесінде 2025 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің орташа жалақысы 50 пайызға, яғни 203 мың теңгеден 326 мың теңгеге дейін өсті. Бұл ретте ең төменгі жалақы екі еседен астамға, 85 мың теңгеден 185 мың теңгеге дейін артты, – деді Жандос Сәлімов.

Министрліктің бұған дейін жариялаған мәліметіне сәйкес, кейінгі өсімдерді ескергенде кәсіпорындағы ең төменгі жалақы 212 мың теңгеге жеткен. Ал орташа еңбекақы 326 мың теңгені құрайды. 

Еңбекақыны көтерумен қатар, су шаруашылығы мамандарының еңбек жағдайын жақсарту жұмыстары да жүргізілген. Атап айтқанда, 2025 жылы «Қазсушар» кәсіпорнына 576 жаңа техника беріліп, тарифтік қаражат есебінен тағы 135 техника сатып алынған. Нәтижесінде техника паркінің 27 пайызы жаңартылып, 435 маусымдық қызметкер тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: