Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталған сәттен делінген кадрлар тарады

12.11.2026, 15:00 18

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы екі ірі ұлттық компания басшысының ұсталуына қатысты делінген жаңа кадрлар жарияланды, деп хабарлайды Halyqline.kz.

Желіде тараған суреттер мен бейнежазбаларда бір топ адамның ғимарат ішінде тұрғанын және бірнеше адамның ғимараттан шығып келе жатқанын көруге болады. Бұған дейін Астанадағы тұрғын үй кешенінің аумағында шашылып жатқан доллар купюралары мен чемодан бейнеленген кадрлар қоғам назарын аударған еді.

12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын ресми түрде растады.

ҰҚК мәліметінше, екі басшы және өзге де адамдар 11 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталған. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Әзірге тараған кадрлардың нақты осы іске қатысы және көшеде шашылған ақшаның шығу тегі ресми түрде расталған жоқ. ҰҚК тергеудің өзге мәліметтері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: