Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Депутат Алматы облысы әкіміне ескерту жасады (Видео)

06.06.2023, 11:20 141

Парламент депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы, Қарасай ауданындағы бір мектептің небәрі 15 млн теңгеге сатылып кеткенін анықтаған. Ол Алматы облысы әкіміне  мекемені мемлекет меншігіне өткізуге екі ай уақыт берді.

 – Қарасай ауданында мектепті 15 млн теңгеге сатып жіберіпті. Бұл ақшаға даңғарадай ғимарат тұрмақ Алматыдан жатақхана ала алмайсың, – деп ашуланды депутат.

Видео:

https://www.youtube.com/shorts/9lCHGX_2zDE

Айтпақшы, алдыңғы шақырылымдағы  парламент отырыстарында ұйықтап отыратын депутаттарды көз шалып қалатын. Енді олардың орнын ыржалақтаған депутат алмастырды. Мақсат Толықбай өте өзекті мәселені көтеріп, шыр-пыр болып жатса, әріптесі Нұргүл Тау ерсі қимыл көрсетіп, күлкі қысып отырды.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: