Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін Президент халыққа Жолдау жолдайды

01.09.2020, 9:30 852

HALYQLINE.KZ Бүгін сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады деп күтілуде.

Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: