Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір депутатқа…

24.01.2022, 9:30 290

HALYQLINE.KZ

Елден хабар алдың ба?!

Аманатың бар мұнда.

Қайғы жұтқан туысқа,

Көңіл айтып, бардың ба?!

Досқа қоңырау шалдың ба?!

Әлде, бұғып қалдың ба?!

Жиі келдің білемін,

Әр сайлаудың алдында.

Биге балап өзіңді,

Мақұл көрдік сөзіңді.

Мандат тиіп ұмыттың,

Сонау «қара» кезіңді.

Бойды кернеп кісілік,

Ғайып болды кішілік.

Әбжыланға айналдың,

Шаруа көрсең ісініп.

Төрде бөсіп сайрадың,

Көпке тимей қайраның.

Талай басты мүжіген,

Есте, көке, сайраның.

Жә, қайтесің, қызынба,

Құзғын құмар қызылға.

Аңғал жұртты «алдай бер»,

Жас келінше сызыл да.

Жұмабек  Табынбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: