Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бәрі Сыр елінің өсіп-өркендеп, көркейіп-гүлденуі үшін жасалуда»

01.08.2022, 15:30 351

HALYQLINE.KZ  Негізінен құрылыс саласы – жеті рет өлшеп, бір рет кесуді, асқан тиянақтылықты қажет ететін сала. Кеңес отырысын өткізу өте маңызды деп санаймыз. Әр ауданның өзіндік ерекшеліктеріне қарай салынатын нысандарды алдын ала пысықтап, тек сұранысқа негіздеп, бюджет қаражатын үнемдеу арқылы жобаларға басымдық береміз.

Биылғы жылдың мамыр-маусым айларында 7 мәрте кеңес отырысы өтіп, нәтижесінде 418 жоба қаралды. Сол жобалардың 75%-ы қолдау тапса, қалғандары қосымша пысықталып, кеңес қарауына қайта ұсыну мақұлданды.

Мәслихат депутаттарының келісімін алған, кеңес отырысында мақұлданған жобалар алдағы уақытта тек бекітілген кезектілікке сәйкес жүзеге асады.

Даму қарқынына ілесу үшін біз әлі де жаңа жобаларды ашу ісіне жете мән беруіміз керек. Өздеріңіз білесіздер, облыста 2023 жылға республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жобалар аз әзірленген. Осыны ескеріп, қызметке тағайындалғаннан бастап, демеушілердің қолдауымен бір ай мерзімде 1,6 млрд теңгеге 391 нысанға жобалық-сметалық құжаттама әзірледік. Бұл жобалардың жалпы құны 45 млрд теңгені құрайды. Келесі жылдан бастап барлық қаржыландыру көздері есебінен іске асыруды бастаймыз.

Өнер сарайын салуға облыстық бюджеттен 604 млн теңге бөлінді. Осы айда құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігерді анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

Қаймағы бұзылмаған жыр елінде көпфункционалды кешеннің атқаратын қызметі зор. Бұл кешен әртүрлі концерттік бағдарламалар, оның ішінде симфониялық, эстрадалық, ұлттық өнерді көрсетуге мүмкіндік беретін 1000 көрерменге арналған әмбебап залы бар сәулетті нысан болмақ.

Қаланың дамуына жанашыр демеушілер тарапынан бірқатар жаңа жобалар легі іске асады.

Жақында облыс орталығында өнер сарайы мен салтанат сарайының іргетасын қалаймыз. Сондай-ақ, «ҚазГерМұнай» кәсіпорны «Оқушылар сарайын» салуды өз міндетіне алды.

Елдің дамуына ынталы жанашыр азаматтардың қолдауымен Түркістан-Қызылорда шекарасы аумағында жаңадан облыстың кіреберіс қақпасы (паспорт) салынатын болады.

Демеушілердің белсенділігімен 400 млн теңгеге Қызылорда қаласындағы 60 көпқабатты үйдің қасбеттері, 80 млн теңгеге әуежайдың ескі терминалы, 40 млн теңгеге Орталық мешіт жөндеуден өтті. Жақын арада Арал ауданы, Тоқабай елді-мекенінен құны 550 млн теңгені құрайтын 100 орындық мектеп құрылысы басталды. Бұл мектептің жағдайымен жақсы таныспыз. Аралға барған сапарымда арнайы көріп, білім ордасын аяқтауға ынталы мердігер компания басшысымен пікірлестік. Мектеп қайта салынып, балалардың игілігіне беріледі.

Тағы бір айта кететін жайт, қала мектептеріндегі бала саны бойынша орын тапшылығы бар білім нысандарының жанынан қосымша құрылыс салу.  №2 мектепке 550 орындық және №101 мектепке 375 орындық нысанды салу жоспарымызға енді. Сондай-ақ, қала аумағындағы бірнеше көшеге абаттандыру, жөндеу жұмыстарын жүргізуді де биылғы жылы атқаруымыз тиіс.

Осы орайда, аймақтың өсіп-өркендеуіне атсалысып жүрген, елге жанашыр азаматтарға алғыс айтқым келеді. Сіздердің қолдау көрсеткендеріңіз – ел болашағына қосқан зор үлес деп білемін.

Мәдениет және спорт бағытында биыл өңірде 7 денешынықтыру-сауықтыру кешенін және 6 мәдениет нысанын пайдалануға береміз. Жоспар жетерлік, мұның барлығы туған жеріміз, қасиетті Сыр елі өсіп-өркендеп, көркейіп-гүлденуі мақсатында жасалуда.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың «Сыр бойы» газетіне берген

«Халықтың әл-ауқатын көтеру – біздің негізгі міндетіміз»

атты сұхбатынан үзінді

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: