Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бәйтерек» кешенінің атауы «Назарбаев старты» болып қашан өзгереді?

15.12.2021, 17:50 65 0

HALYQLINE.KZ Қазақстан мен Ресейдің Байқоңырдағы бірлескен жобасы «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін «Назарбаев старты» деп атау туралы шешім жобаны модернизация жасағаннан кейін қабылданады.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 14 желтоқсанда осылай деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.

«Бәйтерек» кешенін «Назарбаев старты» деп атау туралы ұсынысты 2019 жылы Ресей басшысы Владимир Путин айтқан. Бірақ ресми түрде шешім қабылданбаған.

«Бұл мәселеде (кешен атын өзгерту – ред.) атауды бекітетін қандай да бір қаулы, құжаттың қабылдануын күтіп отырған жоқпыз. Әуелі жұмысты аяқтап алайық, сосын процесс барысында мемлекет басшысына таныстырған кезде атауын өзгерту туралы шешім қабылданады» деді сейсенбі күні Мусин журналистерге.

Оның сөзіне қарағанда, «Назарбаев старты» жобаның «шартты атауына» айналып үлгерген, оған бәрінің де құлағы үйренген.

Бағдат Мусиннің айтуынша, кешеннен сынақ ретінде алғашқы «Союз-5» зымыраны 2023 жылдың соңына қарай ұшырылады.

«Бәйтерек» – Байқоңырдан орташа және жартылай ауыр санаттағы «Союз» кемелерін ұшыруға арналған Ресей мен Қазақстан бірлесіп салып жатқан жоба. Екі елдің бірлескен жобасының айтылып жүргеніне шамамен 15 жылдан асса да, әлі жүзеге аспаған жобаның болашағына бұған дейін кейбір сарапшылар күмән келтірген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: