Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азық-түлік тауарының бағасы облыс әкімінің бақылауында ма?

08.07.2022, 16:30 368

HALYQLINE.KZ Қызылордада әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарының бөлшек сауда бағаларына «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы аясында мемлекеттік бақылау тұрақты жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытқа дейін 2 192 кәсіпкерлік субъектісіне хабарламалар беріліп, аталған нысандарға апта сайын мониторинг жүргізілуде.

Мониторинг нәтижесі бойынша үй жанындағы шағын маркеттер мен дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 11 түрі бойынша бағалары шекті межеден 15%-дан аса жоғары бағамен сату фактілері анықталған.

Сондай-ақ, азық-түлік тауарларына бағаларының өсуіне жол бермеу үшін арнайы комиссия құрылып, баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларға тексеру жүргізді.

Нәтижесінде баға белгілеудің бүкіл тізбегіне қатысушы 5533 субъекті анықталып, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментімен кешенді тексеру басталды.

Жалпы жыл басынан бері тұрғындардан түскен арыз негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары бойынша 17 сауда нысанына жоспардан тыс тексеру тағайындалған.

Нәтижесінде, 6 сауда нысанына сауда үстемесін сақтау бөлігінде заң бұзушылығы анықталып, әкімшілік шарасы қолданылса, қалған 11 объекті бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Айта кету керек, аталмыш мәселе облыс әкімдігінің тікелей бақылауында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: