Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азық-түлік бағасы бақылауда ма?

20.04.2022, 16:15 323

HALYQLINE.KZ Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында селекторлық жиын өтті. Мәжіліске жауапты басшылары мен сауда желісінің басшылары мен өкілдері қатысты. Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылуы тиіс жұмыстар барысы талқыланды.

Мәжілісті ашқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы Үкімет тапсырмасына сай азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін азық-түлік тауарларының делдалдық схемалары бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде. 19 әлеуметтік маңызы бар азық түлік бойынша соңғы тұтынушыға яғни, облыс тұрғындарына бірнеше делдалдық тізбектен өтіп сатылуда. Сол үшін біздің өңірдегі ірі сауда үйлері өндірушілермен тікелей жұмыс жасау қажет. Сондай-ақ соңғы уақытта кейбір дүкендерде азық-түлік тауарларына 100 пайыздық үстеме қосып сатқан кәсіп иелері де анықталды. Айналып келгенде барлығымыз да тұтынушымыз. Бір адамның мүддесі халықтың мүддесінен жоғары болмауы тиіс», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Жиында сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Тлеулеева тұрақтандыру қоры мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына тоқталып өтті.

«Бүгінгі күні тұрақтандыру қорында 1 351,0 тонна өнім қоры бар. Оның ішінде 259,4 тонна ұн, 138,3 тонна күріш, 30,1 тонна макарон, 316,1 тонна қарақұмық, 28,9 тонна қант, 81,9 тонна картоп, 4,5 тонна пияз, 144,7 тонна сәбіз, 5,2 тонна қырыққабат, 341,7 тонна күнбағыс майы. Қазіргі таңда «айналым схемасы» бойынша берілген 1 143,0 млн теңгеге 21 келісім шарт негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне заем берілді. Осы заем алған кәсіпкерлердің 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері және тұрақтандыру қорындағы өнімдер «Байқоңыр» ӘКК қарасты Қызылорда қаласында орналасқан 36 әлеуметтік дүкенде және қосымша 14 ірі супермаркеттерінде келісім негізінде ашылған әлеуметтік бұрыштарда нарықтан төмен бағада жеткізіліп, сатылуда», – деді басқарма басшысының орынбасары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: