Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат ұсынылды

30.09.2022, 17:00 147

HALYQLINE.KZ Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XX съезі өтті. Жиналыста партия мүшелері Жигули Дайрабаевтың алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде кандидатурасын қолдады.

Жигули Дайрабаев – «Атамекен» ҰКП Төралқасы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы және Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы.

«Құрметті партияластарым, сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын. Бар күшімді Қазақстанның және агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына саламын», – деді Дайрабаев. 

Қазақстан фермерлері қауымдастығы сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Жигули Дайрабаев 68 жаста. Үйленген, үш баласы мен жеті немересі бар.

Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс сайлау биыл 20 қазанда өтеді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: