Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыл аралау жалғасын тапты

04.03.2021, 16:00 446

HALYQLINE.KZ  Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаевтың бастамасымен жұмысшы топтың құрамы Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Жаңажол ауылдық округтерінде жалғасты.

Кездесудің мақсаты – ауылдық елді мекендерде орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мен ауыл шаруашылығы саласын дамыту.

Тұрғындармен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев жүргізіп отырды.

Кездесу барысында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Әбдікеров, «Жұмыспен қамту орталығының» директоры О.Мұнарбаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қармақшы ауданындағы филиалының директоры А.Өтегенов және қаржы ұйымдарынан «Қорқыт- Елі» несие серіктестігінің менеджері Е.Көбесов, Қызылорда қаласынан арнайы келген «Өңірлік қаржылай қолдау орталығы» несие бөлімінің бас сарапшысы Д.Анасбаев шағын кәсіпкерлік саласын қолдау бағытында тұрғындарға жеңілдетілген несие шарттарын және қайтарымсыз грант түрлерін түсіндірді.

Сонымен қатар кездесуде аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы О.Бодыбаев ауыл шаруашылығы жерлері мен жайылымдық жерлерді рәсімдеу жайлы, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ә.Омаров, көкөніс бау-бақша дақылдарын орналастырудың тиімділігі туралы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев әрбір сала бойынша ұсыныстар жинақталатынын жеткізіп, тұрғындардың сауалдарын тиісті сала басшыларына заң аясында қарастыруды тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: