Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ауруын» жасырмаған министр

02.04.2020, 10:38 688

Ғалым Смағұлұлының карикатурасы

Індет осыған дейін «ілкімді істер» деп аталып­ жүрген шаруаның шын бет-бейнесін сыпырып жатыр. Жарнамасы жер жарған жобалардың жөнді жүргізілмегендігін көрсетіп  берді.

Онлайн оқу мәселесі күн тәртібіне көшкелі ата-аналар мен мұғалімдер арасында дау туды. Жалпы, әңгіменің әлқиссасы былай басталған. Жып-жылы кабинетте жап-жаңа компьютермен жұмыс істеп жүрген «жоғарыдағылар» елімізде індет жайлаға­н соң «онлайн оқу» дегенді шығарды. Дұрыс ғой! Шамасы, олар біздегі елдің тұрмысы түп-түзу, ауыл-аймаққа түгелдей интернет  желісі тартылған деп ойласа керек…­ Олай ойлауы да заңдылық. «Себебі, 2017 жылдан бері «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасы қолға алынды. 5 жылға жоспар­ланған  бағдарламаны  іске  асыруға 310 млрд теңге (141 млрд – мемлекеттік бюджеттен­, 169 млрд – квазимемлекеттік сектор) бөлін­ген еді. Міне, қаралған қаржының­   рақатын   осындайда  көрме­генде  қашан  көреміз?»  деуіңіз   мүмкін. Бірақ  барлығы сіз бен  біз ойлағ­андай  болмай  шықты…­

ҚР Білім және ғылым минстрі Асхат Аймағамбетовтың өзі 5 млн-ға тарта оқушы мен студентті онлайн оқытуда­ қиыншылықтар болатынын мойындап отыр. Одан бөлек, бас мұғалім қашықтан оқудың қиямет-қайым екенін жасыруды жөн санамады. Ол сөзінде оқу орын­дарының техникалық дайындығының нашарлығын, интерн­ет платформаларының болмауын, ұстаздардың цифрлық сауаттылығының төмендігін, интернет желісінің жеткіліксіз екенін ашып айтты. Министр «ауруын­ жасырған өледі» деген ескі тәмсілді ұмытпаса керек, саладағы түйткілдерге тоқталды. Тіпті, ол құжаттарда кеңжолақты интернеттің 10 мбит, ал шындап келгенд­е одан да төмен екендігін жасырған жоқ. Аймағамб­етов алдындағы мәселені шешудің түрлі жолдары­н  қарастырып  жатыр.

– Балалардың техникалық мүмкіндігі болған күннің өзінде  интернетке қосу мәселесі бар. Жергілікті атқарушы органдар осы мәселе бойынша жұмыстарды бастап кетті. Қазір балаларды интернетке қосу жұмыстарымен жергілікті  әкімдіктер айналысып жатыр. Дегенмен, интернеті­  бар, бірақ компьютері жоқ 300 мыңнан аса бала бар. Біз бұл мәселені шешудің екі жолын көріп отырмыз: бірінші – мектептің компьютерін балаларға уақытша қолдануғ­а беру. Бұл бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Екіншісі, жаңадан 80 мыңға жуық компьютер сатып алу жоспарлануда, – деді  министр.

Яғни, «қысылғаннан қыз болдық» дегендей, министрлік компьютері жоқ оқушыларды біліммен қамтамасыз ету үшін амалсыз осындай қадамға баруға мәжбүр.

Сонымен қазақстандық оқушылар 6 сәуірден бастап 4 түрлі бағыт бойынша білім алады.

1-бағыт. Телевизиялық арналар арқылы оқу және телевизия­лық сабақтар. «Балапан» және «Еларна» арналар­ы  арқылы  оқиды;

2-бағыт. Радиоарналар арқылы оқу. «Қазақ ридиолары» арқылы келісімге келіп, радиосабақтар өтеді;

3-бағыт. Пошта арқылы білім беру. Мыңнан аса елді мекенде 5-10 бала тұрады және бұл жерлерде мектеп жоқ. Қазір бұл елді мекендерде пошта байланысы арқылы тапсыр­маны жіберіп, керісінше, орындалған жауаптары да пошта арқылы алынады;

4-бағыт. Интернет платформа (Moodle, Google­Classroom). 6 сәуірге дейін білім беретін барлық интернет  платформа  тегін  болады.

Айта кетейік, ұстаздардың жалақысында ешқандай  өзгеріс  болмайды. министр мұғалімдердің алаңдауына негіз  жоқ деп  отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: