Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұрлықтан ада мысық

08.06.2026, 10:45 59

HALYQLINE.KZ

Өмірдің өзі – ғибрат

Мына сурет Стамбул қаласындағы балық сататын дүкендердің бірінде түсірілген екен. Бір қарағанға мысық тышқан ұстап алған секілді. Бірақ мүлдем олай емес.

Бұл мысық адамдардың сатушыға ақша беріп, балық сатып алып жатқанын байқайды. Адамдардың мұндай әрекетін көрген мысық аузына бір жапырақты тістеп, балықшының қасына келеді. Сатушы да мысықтың ұрлық жасамайтынын байқап, аузындағы жапырағын алып, орнына балық береді. Сол мысық күн сайын бір жапырақты тістеп әкеліп, сатушыдан бір балықты сатып алатын көрінеді.

Мысықтың мына қылығы қызық әрі ғибрат аларлық. Қоршаған ортаға көз салатын болсақ, ғибратқа толы талай оқиғаны жиі кездестіреміз. Тіпті, күнделікті өмірде қаншама оқиғаға куә болып, сабақ берер көріністердің бел ортасында жүргенімізді өзіміз байқамай жатамыз.

Алла Тағала Құранда былай бұйырады:

فَاعْتَبِرُوا يَآاُولِى اْلاَبْصَارِ

«Әй, ақыл иелері! Ғибрат алыңдар». («Хашр» сүресі, 2-аят)

Қайырбек  ОТЫЗБАЕВ,

дінтанушы.

Әлеуметтік  желідегі  парақшасынан  алынды.

 Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: