Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

07.04.2021, 15:30 380

HALYQLINE.KZ Бүгін қала әкімінің орынбасары Есжанов Асқарбек Темірбекұлы Ауған соғысының ардагерлерімен кездесіп, мерейтойымен құттықтады.

Бүгінде Отан алдындағы борышын өтеу жолында асқан ерлік көрсеткен ардагерлердің бірі Рашид Сәбитұлы жетпіс жасқа және Нұржан Ғаниұлы алпысқа толған мейрейтойларын атап өтуде.

Елдің ертеңі үшін қалтықсыз қызмет жасаған, өз Отанына деген шынайы жанашыр аға буын өкілдерін ұлықтау, құрмет көрсету назардан тыс қалған емес.

Осы орайда, Асқарбек Темірбекұлы от пен оқтың ортасынан елге аман-есен оралып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде өз үлестерін қосып жүрген Ауған соғысының ардагерлеріне шынайы алғысын жеткізе отырып, құрметпен шапан жапты.

Ауған соғысының ардагері Әлібек Жаров ардагерлерге көрсетілген құрмет үшін алғысын жеткізіп, еліміздің өркендеу жолындағы еңбекке табыс, өскелең ұрпаққа бейбіт өмір тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: