Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудандық мәслихаттың жаңа құрамы жұмысын бастады

30.03.2023, 18:35 239

HALYQLINE.KZ Бүгін аудандық мәслихаттың VІІІ шақырылымының алғашқы сессиясында, депутаттар мандат алып, қызметіне кірісті. Сессияға аудан әкімі Нұржан Ахатов, құқық қорғау органдары басшылары, мекеме басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл әкімдері мен бөлім басшылары қатысты. Жиында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Молдабай Дулатов кезектен тыс сайлау қорытындысын жариялап, сайлау арқылы сайланған депутаттарға куәлік пен төсбелгі табыс етті.

Еске салсақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауында өңірдегі 48 мың 762 сайлаушының 87,3% дауыс берген болатын. Ауданымызда мәслихат депутаттарына 15 мандат берілсе, оның 13 мандатын «AMANAT» партиясы, 2 мандатын «Ауыл» партиясы иеленді. Сессияда депутаттардың бірауыздан дауыс беру нәтижесімен мәслихат төрағасы болып Айтбай Жандарбеков сайланды. Аудан әкімі бұған дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Айтбай Жандарбековтың білікті маман екендігін айтып, ұтымды ұйымдастырушы ретінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді. Мұнан соң, Нұржан Сәбитұлы VII шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарына алғысын білдіріп, жаңадан сайланған VIII шақырылымдағы депутаттардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Ерекше атап өтуіміз қажет, жетінші шақырылым депутаттарымен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылға аудан бюджеті 10 млрд 764 млн теңге көлемінде бекітілді. Барша әріптестерімнің атынан осындай ауқымды жұмыстар атқарған жетінші шақырылым депутаттарына алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта жаңадан сайланған депутаттармен бірге мұнан да үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын. Бұл үшін әрине мызғымыз бірлік пен тынымсыз еңбек қажет.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп ата-бабамыз айтпақшы Сіздерге артылар сенім мен міндет ауқымды. Себебі, араларыңызда ауданымыздың білікті су мамандары, мәдениет саласының майталмандары, мекеме басшылары, ірі өндіріс орындарының директорлары мен шаруа қожалық төрағалары, дәрігерлер, заңгерлер, қоғамдық ойдың көшбасшылары бар. Ендеше, 8 шақырылым депутаттарын тағы бір мәрте аудандық мәслихат депутаты атануларыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында бірлесіп, ел мүддесі үшін жұмыс жасауға шақырамын», – деді Нұржан Сәбитұлы.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: