Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

14.01.2023, 23:50 96

HALYQLINE.KZ Кеше Арал ауданының басшысы Серік Сермағамбетов бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері мен өтініштері бойынша қабылдау өткізді.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне ұсыныс-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.

Қабылдауға жазылған азаматтардың басым көпшілігі үй және жер кезегіне қатысты мәселелерін айтса, енді бірі тұрақты жұмысқа орналыстыру жөнінде талаптарын жеткізді. Аудан басшысы келушілердің мәселелеріне жеке дара тоқталды. Алдымен тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды. Тұрғындардың өтінішіне сай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Ал тұрғын үй қажеттілігімен келген адамдарға өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігін түсіндірді. Аудан басшысы көтерілген әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді. Айтылған өтініштер мен ұсыныстар бойынша құзырлы мемлекеттік мекеме басшыларына және қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: