Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі шалғай ауыл тұрғындарымен кездесті

22.08.2022, 15:35 510

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданның әкімі Мұхтар Оразбаев шалғайдағы Сарбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында аудан басшысы атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта қолға алынатын жобаларға тоқталып, халық жолдаған сауалдарға жауап берді.Кезек ұсыныс-пікірге берілгенде Сарбұлақ ауылының тұрғындары бірнеше мәселені аудан басшысының назарына ұсынып, оңтайлы шешілуіне көмек көрсетуді сұрады.

Кездесуде аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы тұрғындардың талап-тілегі ескерусіз қалмайтындығын, қажетті шаралар бірлесіп атқарылатындығын жеткізді. Айтылған ұсыныстарға байланысты жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.Кездесуге аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Мұхаш және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.Тұрғындармен кездесулерден кейін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сарбұлақ ауылындағы №78 мектепке арнайы барып, білім ордаларының жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: