Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі кент тұрғындарымен кездесті

30.05.2026, 11:20 28

Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев Тереңөзек кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар, “АМАНАТ” партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, дербес бөлім және сала басшылары қатысты.

Тереңөзек кенті әкімі атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Аудан орталығында тұрғындардың сұранысына сәйкес бірқатар көшелерге түнгі жарық шамдары орнатылып, көше жарығы тіректерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, кент аумағындағы су арналарына тазарту және қайта қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда.

– Ауданда жол жөндеу, газдандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымды жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында да бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында аудан орталығы мен елді мекендерге бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл бастамалардың барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған», – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Кездесу барысында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.

Кездесу соңында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды және жеке қабылдау өткізілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: