Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті

01.02.2023, 9:30 516

HALYQLINE.KZ Кеше Жалағаш ауданының әкімі А.Есжановтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс отырысы өтті. Жиынға жауапты сала басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Мәжілісте аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы, аудан бюджеті, санитарлық тазалық жұмыстары, әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерінің қатаң бақылауда болуы, коммуналдық қызметтерге тұтынушылардың қарызы бойынша талдау жұмыстары, су тасқынының алдын алу сынды негізгі мәселелер айтылды.

Асқарбек Темірбекұлы тұрғындар арасында әлеуметтік желіде көтеріліп жүрген мәселелердің де қатаң бақылауда болу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне кәсіпкерлік мақсаттарға жеңілдетілген несиелер мен қайтарымсыз гранттар бойынша жүйелі жұмыс істеу керектігін, ауданда өнім өндірісі, қызмет көрсету және туризм салалары бойынша іске асыруға мүмкіндігі бар және қажеттілігі жоғары жобалар тізімін жасап, жаңа инновациялық идеялар мен жобалардың жәрмеңкесін ұйымдастыруды тапсырды.

Басқосуда кент және ауыл әкімдеріне елді мекендердегі жарықшам бағаналары мен көшелердегі жол белгілерінің дұрыстығына, ауылдың кіре-берісінің, көшелердің тазалығына аса мән беру, бұл жұмыстар ескертусіз жасалу қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар, су тасқынының алдын алу мақсатында бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес азаматтардың белгіленген аймақтарда болуын, тұрғындарға қауіпсіздікті сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырды.

Бұдан бөлек, аудан әкімінің орынбасарына және тиісті бөлім, мекеме басшыларына ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуына аса мән беріп, әр көрсеткішіне талдау жасалып отыру қажеттілігін тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: