Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі ардагерлерді құттықтады

30.12.2020, 15:45 367

HALYQLINE.KZ Жыл келерде адамдардың бір-біріне жақсылық тілеп, ізгі ниеттерін білдіруі – жарасымды жай. Бүгін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бір топ ардагерлердің шаңырақтарында болып, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Олардың отбасыларына амандық-саулық тілеп, арнайы сыйлығын ұсынды.

Аудан басшысы құттықтаған жандардың қатарында түрлі салада еңбек етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлер бар.

Теміржол саласының ардагері Ерқосай Қабылов ұзақ жылдар теміржол саласында еңбек етсе, Айымбибі Қазығұлова мен Күлжамила Өтегенова – шәкірттерге білім берген ұлағатты ұстаздар.

Ал, София Досмайлова көп уақыт медицина саласында еңбек етіп, «басы ауырып, балтыры сыздаған» науқастарға ем-дом жасаған.

Ауданның құрылыс саласында Салмырза Қалдыбековтың қолтаңбасы әлі күнге дейін сайрап жатыр.

Ауданда ауыл шаруашылығы саласының ардагері Сақыбай Нармағамбетовтың есімін білмейтін жан жоқ десек қателеспейміз.

Өз кезегінде ардагерлер Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында аудан басшысының көңіл бөліп, құттықтап келгеніне алғыс сезімін білдірді.

Ал, Мұрат Нәлқожаұлы ардагерлердің қай уақытта да назардан тыс қалмайтынын айтып, олардың өнегелі істері өзгелерге әрдайым үлгі болатындығын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: