Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

АҚШ: Соғысты КСРО емес, біз жеңдік!

02.05.2025, 17:10 527

HALYQLINE.KZ

АҚШ президенті Дональд Трамп 8 мамырды АҚШ-тың Екінші дүниежүзілік соғыстағы «Жеңіс күні» деп жариялады. АҚШ президенті фашизмді жеңуде шешуші рөл атқарған Америка екенін айтты.

Трамп: «Біз екі соғыста да, Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеттік! Тіпті күшімен, батылдығымен және әскери шеберлігімен бізге ешкім теңдескен жоқ! Бірақ біз ештеңені тойламаймыз – өйткені бізде оны қалай жасау керектігін білетін көшбасшылар жоқ! Біздің жеңістерімізді тойлайтын кез келді», – деп жазды.

Президент Трамптың сөздерін қарапайым тілмен жеткізсек: «Бірінші және екінші жаһан соғысын біз жеңдік. Жеңіс біздікі», – деп төтесінен қойып отыр.

Әлбетте, президент Трамптың бұл айтқандары Мәскеудің қолайынан шығатын сөздер емес! Себебі, өзін КСРО мұрагері деп санайтын Мәскеу үшін «Жеңіс күні» – мемлекеттік масщтабта аталып өтілетін, діндей берік ұстанатын мереке!

«Жеңіс күні» Қызыл алаңда әскери парад өткізу президент Путиннің бұлжымайтын дәстүрі, айнымас салтына айналған. Кремль үшін «Жеңіс күнін» тойлау, «Жеңіс парадын» өткізу пропоганда құралына айналған. Қазір көптеген шетелдік лидерлер Мәскеу шақырған мұндай парадтарға бармайды. Себебі, біреу ғана. Ресей – әлем үшін агрессор ел!

Мәскеу жыл сайын парад өткізеді. Қызыл алаңға келетін соғыс ардагерлері жыл сайын азайып, әскери аппараттар, ұшақтар, танкілер, т.б. көбейіп келеді. Кремль өткізетін «Жеңіс парады» құдды сұм соғыстың зұлматын көрген қарт майдангерлерді емес, Ресей билігін, Путин әскерінің «құдіреттілігін» ұлықтау процесі іспетті.

Ал президент Трамптың «Жеңіс күнін» меншіктеуі – Кремльдің осы идеологиясына дөп соққылардың бірі болды!

Нұргелді  ӘБДІҒАНИ.

Әлеуметтік  желідегі  парақшасынан.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: