Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақпарат министрі журналистерді марапаттау «дұрыс» деп есептейді

29.06.2022, 13:30 204

HALYQLINE.KZ

Ақпарат және қоғамды дамыту министрі Асқар Омаров Азаттық қойған «журналистерді марапаттау ақпараттың шынайылығына әсер етпейді ме деген сұраққа жауап берді. 

— Сыйлықты дәрігерлер де, полиция өкілдері де алады. Журналистика — бұл мамандық. Егер біздің журналистерімізді бағаласа, әрине, оларды құттықтайды, марапаттайды. Біздің медиасала соңғы кезде жақсы дамып жатыр, жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр, жақсы журналистер де пайда болды. Оларды неге марапаттап, құттықтамасқа?, – деді Асқар Омаров.

Азаттықтың «шенеуніктерден сыйлық алған журналистер шынайы әрі тәуелсіз бола алады ма?» деген сұрағына «ондай сауалнама жүргізбегенін» айтты.

— Бірақ болады деп ойлаймын. Бәрі де марапат алады. Мысалы, кеше «БЕСсимптомно» (5Media) телеграм-каналының авторы Серікжан Мәулетбай сенаттың сыйлығын алды. Ол шынайы ақпарат беретін тәуелсіз журналист ғой,- деді министр.

Ақпарат министрі үкімет үйі дәлізінде мемлекеттік БАҚ-ты қолдау үшін 50 млрд теңге бөлінетінін жеткізді.

Өткен аптада Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық саясатқа 300 млрд теңге бөлінетіні жайлы айтылған.

Қазақстан «Шекарасыз тілшілер» құратын жыл сайынғы «Сөз бостандығы индексінің» көрсеткіші бойынша 180 елдің ішінде 122-орында тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: