Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақиқатқа арды серік, сөзді кие еткен үнжария

21.07.2020, 11:10 808

«Базарға барып жүріп талай мәрте байқаған шығарсыз.

 – Маған үш-төрт килограмм ет өлшеп жіберіңізші! – дейсіз, өзіңізге ұнаған майлы жамбасты немесе бел омыртқаны көрсетіп.

Сатушы Сіз нұсқаған қой етін таразының табағына сылқ еткізіп, тастай салады. Тілі әрлі-берлі теңселіп, табақтары жоғары-төмен көтеріліп-түсіп, қалш-қалш етіп, біразға дейін таразы өз-өзіне келе алмай тұрады.

Дәл болу, әділ болу оңай дейсің бе?!». Бұл – Қадір Мырза Әлінің «Ғибратнама» кітабындағы әңгіме. Алғашында сауда мен таразы туралы ой түйгеніңізбен, соңында мәселенің әділдік, шындық туралы екенін аңғарасыз. Қоғам да кейде осы таразы секілді көрінеді. Өйткені нақты шешім қабылдап, әділ­дігін ашып көрсету үшін өлшегіш құралдың тіліндей теңселеді де тұрады. Ал сол таразының көрсеткен бағасы­н бұқпантайламай айтудың өзі – әділдік. Елдегі елең етерлік әр оқиғаның мән-маңызын ой елегінен елеп-екшеп өткізіп, сана сүзгісімен сараптап келе жат­қан республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз­ апталық «Халық» газетіне 20 жыл толып  отыр.

Аймақтық журналистиканың ақпарат ағысынан қалмай, ғасырлар тоғысында жарыққ­а шыққан басылымның жазар жанры­ ортақ болғанымен, тақырып қозғау ауаны, мәселені түйіндеу мен түйістіре білудегі шеберлігі, өз тізгіні бар. Мұны қазақ журнал­истикасы әлеміндегі публицистиканы қалыптастыруға тигізген үлесі деп айтуға болар. Бұқар жыраудың ұлағат қорындағы «Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден­ ел табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ» дегенін  білмейтін адам кемде-кем. Осы тұстағы сөз бастау турасындағы айтылғ­аны қаламын найза, қойындәптерін қалқан етіп жүрген журналис­терге қарата айтса болғандай. Өйткені журналист өмірі – шығармашылық шеберлік пен жаңашыл процестен тұратын күрделі компоненттік қасиетке ие жүйе. Сондық­тан ол қайталанушылыққа жолықпай, үнемі тың идея, зерттел­меген жаңа дүниелерді ашып, халыққа таратуды талап етеді. Осы тұрғыдан келгенд­е Сыр өңірінен жарыққа шығып, республикаға тарайт­ын «Халық» газеті оқшау ойымен, өзінің ұлттық және көркемдік, тілдік, стильдік, даралық­ көрсеткішімен ерекшеленіп тұратынын апта сайын­ газетім­ен қауышатын қалың оқырман жақсы біледі. Басылым тіл­шілері де қоғамдық өмірден тысқары емес, керісінше нағыз қызу жұмыстың ұйыт­қысы болып, жауапкершілік жүгін қоса арқалап жүр. Тысқары емес деу себебім­із, әр қалам иесінің жанынан шыққан дүниелер уақыттың тезіне жұтылып кетпей, қандай­ кезде болсын маңыздылығын жоймайды және кеше жазғаны бүгін ескіріп жататындарға ұқсамайды. Бұл – өміршеңдік, журналистикаға қалтықсыз­ жұмыс істеу көрсеткіші және мұрағат.

Мақтанғанымыз емес, бірақ мақтануға тұрарлық дәйек – «Халық» газетіні­ң жаңа ақпараттық технологиялар тоғысына да бейімделуі. Оқырманға ақпарат таратудағы тың тәсілі, қалыптасқан стилі, жаңашыл көз­қарасы осы жылдар аралығында толығымен қалыптасып үлгерген басы­лым ретінде танылды. «Баспасөз – өмір айнасы» дейміз. Менің еңбек кітапшамдағы жаңа жол да осы өзім біте қайна­сып жұмыс істеп келе жатқан «Халық» газетіне тілші қызметіне­ қабылданудан басталды. Осы өмір айнасында өзімді шыңдап келе жатқаныма биыл он бір жыл толды. Уақыт бедеріне сәйкес редакцияда бірнеше тол­қынның тұсауы кесілді. 2009 жылы жұмысқа қабылданбас бұрын сынақ мерзімінен өтіп бол­ған сәтте «Халық» газеті»­ ЖШС-нің директоры­ Аманжол Сақып­ұлы: «журналист болу оңай ма екен?» деп сұрады. Оқушы күнімнен бастап газет-журнал оқып, мақалаларым түрлі деңгейдегі басылым беттерінде жарық көрген соң бұл жолды да еңсерермін деген оймен «жоқ, қиын емес» деп жауап бердім. Шындығында, бастапқы кезде тәжірибенің аздығынан тым қатты әсірелеп немесе жеткіліксіздеу жазғандарымыздың бол­ғаны рас. Десек те, осы мамандыққа жанкештілікпен жұмыс істеуге серт берген жан үшін бәріне төзуге тура келді. Қарбалас сәт, жиналыс­қа бару, ақпарат алу, сол ақпарат үшін жанталас, оны жедел әрі тиянақты жазу, газет қатталам­ дегенше­ көзге көрінбейтін әрекеттер, газеттің баспахана­ға кетуі, басылып келуі, оны реттеу, қайтадан келесі санға әзірлік, тынымсыз, тынышсыз мезеттер уақыт тоғысында қалды. Сол кезде ұжымда газет редакторы Нұржан Нұрмағанбетов бастаған Айнұр Үмбетова, Гаухар Қайырғалиқызы, Назер­ке Саниязова, Тәжімұрат Әлжанов, Әділбек Серікұлы, Мөлдір Қожахметова сынды аға-әпкелерім бағыт-бағдар көрсе­тіп, білгенімен бөлісе­тін. Бертін келе басылымда тілшілік қызмет еткендердің қатары­на Дастанбек Садық, Гауһарай Есімова, Жазира Әшірбекова, Нұрбай Шәкім, Жазира Бағлан, Жансая Жүнісова, Құралай Жақ­сылық, Құттыбике Нұрғабыл, Қозы Көр­пеш Жасаралұлы, Рыскелді Жахман, Айгерім Нажмадинқызы қосылды. Бүгінде директор Қуаныш Сақып бастаған ұжым бірле­сіп, басылым жүгін көтеріп келеміз. Одан бөлек, 20 жыл шеңберін­де жұмыс істеп, өзге қызметке ауысқаны болсын, қазіргі күні табанынан тозып қызмет­ етіп жатқан әр журналист, әр маман өзінің кәсіби тұрғыдан қойы­латын және қоғам алдындағы жауапкерші­лігін толық сезіне білумен қатар шығармашылық даралығымен ерекшеленіп келеді. Сыр өңірі журналистикасының дамуына, мәдени өркениетке, әсіресе ұлттық дәстүрге жазған-сызған мақала­сы арқы­лы теңізге құйған тамшыдай болса да үлес қосып келе жатқан жастардың ұстаханасына айналған шаңырақтың абыройы әркез биікте.

Баспасөздің қоғамдағы, шынайы өмірдегі, тіршілік тініндегі маңызды әрі айқын рөлін Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынов: «Газет – халықтың­ көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халық­қа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деп түйіндеп көрсеткен. Шынтуайтына келгенде, қоғамның көзін, құлағын, тілін «түгендеп», оны бір қалыпқа сыйғызу әсте оңай шаруа емес. Және ол жұмыс уақытымен есептелетін сегіз сағаттық өлшемге де сыймайды. Кейде түнімен көз шырымын ілмей, «қайтсем оқырманға, халыққа ұнайтындай, тілге жеңіл, жүрекке жылы, теп-тегіс, айналасы жұп-жұмыр жинақы дүние ұсына алам?» деген оңаша ой жетегінде жүретініміз де рас. Ақиқатқа арды серік, сөзді кие еткен журналистік кәсіп кісілігіңмен емес, кішілігіңмен толы­сады. Қазақ өлімнен күшті санайтын ұят та керек. Азаматтық жауап­кершілік, тиянақт­ылық пен ұқыптылық жазып отырған адамда болмаса, үнжарияға үңілген оқырманнан да маза кетеді. Ел-жұрттың қолында әлем бір ғана уыс болып көрінетін уақыт бедерінде басылым өзінің таралымын да жоғалтқан жоқ. Бұл нені білдіреді? Әрине, бұл – оқырманына алғашқы­ жарыққа шыққан­ нөмірден бастап күні бүгінге дейін адал болған басылымның бұқарадан­ алған шынайы бағасы. Жаңара бер, жаңалықтың, жақсылықтың жаршысы, қоғам жанашыры, әділдік таразысы – «Халық» газеті.

Нұрбике  ҚАЗИҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: