Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаш қайраткеріне арналып телехикая түсірілді

19.12.2022, 16:25 349

Тәуелсіздік күні қарсаңында Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлына арналған «Міржақып. Оян, қазақ!» тарихи телехикаясы түсірілді.

6 бөлімнен тұратын тарихи туындыда Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалады.

Тарихи туындының мақсаты – Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығын қызықты сюжеттік желі арқылы кеңінен насихаттау арқылы жастар бойында мемлекетшілдік рухты қалыптастыруға ықпал ету.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: