Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы ҰҚО қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

14.07.2022, 10:10 341

HALYQLINE.KZ  Биыл ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 30 жыл толды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы салтанатты шараға қатысып, сала қызметкерлері мен ардагерлерін айтулы мерекелерімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Отанды қорғау – мәртебелі миссия және жоғары жауапкершілік» деп елдің тұтастығын сақтауда күштік құрылымдар мен арнайы орган қызметкерлерінің қоғам алдындағы міндетін тағы бір салмақтай түсті. Мемлекеттік биліктің қоғамда қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі маңызды құрылымдарының бірі – Ұлттық қауіпсіздік органдарының алар орны ерекше.

Құрметті ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері! Әрқашан анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атты абыроймен алып жүріп, мемлекет пен елдік мүддеге аянбай қызмет ете берулеріңізге тілектеспін! Өз қызметтік міндетіне асқан жауаптылықпен қарап, мемлекет тыныштығының сақталуына тынбай үлес қосып жүрген ел қорғандарының қатары көбейе берсін!», – деді аймақ басшысы.

Салтанатты жиында аймақ басшысы бірқатар сала қызметкерлеріне арнайы Алғыс хат табыстап, ілтипат көрсетті. Сондай-ақ, ел қорғандарына ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарының 30 жылдығына арналған мерекелік медаль табыс етілді.

Іс-шара мерекелік концертке ұласып, қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова мен Сәкен Майғазиев Сыр төрін әнге бөледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: