Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әуежай, теміржол және автовокзал – аймақтың негізгі қақпасы

09.08.2022, 9:30 485

Қадірлі жерлестерім!

Әуежай, теміржол және автовокзал – аймақтың негізгі қақпасы болғандықтан оның сәулеті заманауи сипатқа ие болуы қажет. Себебі осы терминалдың келбетіне қарап, сырттан келетін меймандардың көзқарасы қалыптасып, аймаққа баға беріледі. Сондықтан ортақ іске жанашырлықпен қарайтын демеушілердің көмегімен 80 млн теңгеге әуежайдың ескі терминалын жөндедік. Ал, жерлесіміз Болат Өтемұратовтың қорымен бірге жаңа әуежай құрылысын 1,5-2 жылда аяқтауға ниеттіміз. Осы орайда, Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне, көркейіп-гүлденуіне өз үлестерін қосып, жомарттық танытқан меценат, кәсіпкер азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін!

Менің тапсырмам негізінде қазір теміржол мен автовокзалдардың айналасы, іші-сыртының тазалығы ретке келді. Дегенмен, вокзалдардың маңындағы сауда-саттықтың жүйесіз жүруі, кәсіпкерлердің тәртіп пен тазалыққа немқұрайлы қарауы стратегиялық нысанның ажарын кетіруде. Сондықтан да жеке кәсіпкерлер қоғамдық мүддені алға қойып, тазалыққа ынталы болып, сауда-саттықты бір тәртіппен жүргізуі тиіс. Қала аумағының кеңейіп, көлік қатынасының артуына байланысты жаңа автовокзал салу қажеттілігі бар. Бұл ретте қала әкіміне жаңа инвестор тауып, автовокзал салу ісін тапсырдым. Келешекте жолаушылар қатынасын бірізділікке түсіріп, халыққа қолайлы жағдай жасайтын боламыз.

Нұрлыбек Нәлібаев,

Қызылорда облысының әкімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: