Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімнің орынбасары тұрғындарды онлайн қабылдады

09.11.2020, 10:30 477

HALYQLINE.KZ  Өткен аптада қала әкімінің орынбасары Елмұрат Рахматуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады.

Қабылдауға қаламыздың бірнеше азаматтары әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жер және т.б. бірқатар мәселелерді қозғады. Бұл мәселелердің барлығы қараусыз қалмады.

Азаматтарды онлайн-форматта қабылдау тұрақты негізде өткізіліп келеді. Бірқатар мәселелер қабылдау барысында шешілсе, қалғаны жоспарға алынатын болды.

Мәселен, қабылдау барысында тұрғын үй мәселесін көтерген азаматқа қала әкімінің орынбасары аймақ орталығында жыл соңына дейін 700-ге жуық пәтер пайдалануға берілетін жеткізсе, жер бойынша өтінішін айта келген азамат та өз сауалына оң жауап алса, әлеуметтік көмек сұрап келген азаматшаға қолдау көрсететін болды.

Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, әр мәселеге жеке-жеке тоқтала келе қала әкімінің орынбасары Е.Рахматуллаев көтерілген сауалдарды тиісті сала мамандарына тапсырып, орындалуын өз бақылауына алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: