Қазақстанда жаңа саяси ұйым – «Әділет» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті.
Партияның хабарлауынша, 2026 жылғы 1 маусымда ҚР заңнамасына сәйкес Әділет министрлігі «Әділет» саяси партиясын ресми түрде мемлекеттік тіркеуден өткізді.
Жаңа саяси ұйымның құрамына түрлі салалардағы кәсіби қауымдастық өкілдері енген.
– Партия қатарында еңбек адамдары, мұнай сервистік және тау-кен металлургиясы салаларының қызметкерлері, шахтерлер, спортшылар, педагогтер, дәрігерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, IT-мамандары, заңгерлер және креативті индустрия өкілдері бар, – делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!