Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абыз ақсақал таңдауын жасады

19.03.2023, 16:10 144

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Мәслихаттары депутаттарының сайлауына қатысуда Арал халқының белсенділігі жоғары. Барлық саладағы мамандар, әр буын өкілдері де ел ертеңі үшін жасалынатын маңызды қадамға үн қосуда.

Соларды бірі Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы, ардагер-журналист Шәкірат Дәрмағамбетов аудан орталығындағы «Қарлығаш» балабақшасы ғимаратында орналасқан №53 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

95 жастағы абыз ақсақал ел ертеңіне бей-жай қарамай барлық аралдықтарды маңызды науқанға белсенді атсалысуға шақыруда.

Қазыналы қария дауыс беруге келген тұрғындарға батасын беріп, сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: