Сыр өңірінде жыл басынан бері 7 ауылдық округ әкімінің сайлауы өткізілсе, өткен жексенбіде 1 кент және 10 ауылдық округ әкімінің сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылды.
Облыстық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 27 сәуірде Қызылорда облысындағы 5 ауылдық округте әкімдер сайлауы өткізіледі. Олар – Арал ауданындағы Аққұм, Жалағаш ауданындағы Қаракеткен, Сырдария ауданындағы Н.Ілиясов және А.Тоқмағанбетов, Шиелі ауданындағы Жөлек ауылдық округ әкімдерінің сайлауы. Мұнда 5268 сайлаушы дауыс беруге құқылы.
Ал, 18 мамырда Арал ауданында 4 (Жіңішкеқұм, Аманөткел, Райым, Қосжар) ауылдық округ, Қазалы ауданында 2 (Ғ.Мұратбаев, Қарашеңгел) ауылдық округ, Жалағаш ауданында 1 (Бұқарбай батыр) ауылдық округ, Жаңақорған ауданында 6 (Жаманбай батыр, Келінтөбе, Кейден, Байкенже, Қожакент, Талап) ауылдық округ әкімінің сайлауы өтеді. Мұнда 13481 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілген.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!