Осы жексенбіде Қызылорда өңірінде 13 ауылдық округтің әкімдері сайланады, деп хабарлайды облыстық сайлау комисссиясы.
Атап айтқанда, сайлау науқаны Арал ауданындағы Жіңішкеқұм, Аманөткел, Райым, Қосжар ауылдық округтерінде, Қазалы ауданындағы Ғ.Мұратбаев, Қарашеңгел ауылдық округтерінде, Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр ауылдық округінде, Жаңақорған ауданының Жаманбай батыр, Келінтөбе, Кейден, Байкенже, Қожакент, Талап ауылдық округтерінде өткізіледі. Мұнда 13462 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілген.
Тарқатып айтқанда:
Арал ауданы бойынша
Жіңішкеқұмда – 413
Аманөткелде – 1346
Райымда – 913
Қосжарда – 326
Қазалы ауданы бойынша
Ғ.Мұратбаевта – 938
Қарашеңгелде – 940
Жалағаш ауданы бойынша
Бұқарбай батырда – 1051
Жаңақорған ауданы бойынша
Жаманбай батыр – 1761
Келінтөбе – 1815
Кейденде – 842
Байкенже – 694
Қожакентте – 1809
Талапта – 614
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!