Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1 сәуір – Күлкі күні

01.04.2021, 10:30 321

HALYQLINE.KZ

Құлқынқұмарға  құлаққағыс

Ашылса АРАН,

Араласса харам,

Былыққа белден батасың…

Ерте ме, кеш пе,

Осы тұрсын есте,

Тақсірет «дәмін» татасың…

«Ашығып», аспай межеден,

Құлқынды жөн-ау тежеген!

Әйтпесе…

Айтыс

Жігіт:

– Қарасам көзім тоймайды,

Қарауын көзім қоймайды…

Бұл бәріне тән әдет,

Бұны кім қалай ойлайды?

Қыз:

– Болмаған бұрын көнеде,

Көрсетіп жүрсің «өнеге…».

Қараса көзің тоймайтын,

Қарауын көзің қоймайтын,

Жемқорсың ба, немене?!

Жігіт:

– Айтсам сөздің ашығын,

Жемқорлық емес кәсібім!

Адал еңбек, қанағат –

Нағыз сонда нәсібім…

Сұлулық деген тұмар ғой,

Сұлуға әркім құмар ғой…

Құрбым-ай сені көргенде,

Сауалға осы сұранды ой…

Қан  қақсатқан  қылықтар

Қарыз алып,

Бермей кетті.

Қарасы құрып,

Келмей кетті…

***

Сөмкем толған сөк,

Бір қарасам, жоқ?!

***

Баспаналы болам деп қарыз алды,

Алаяқ алдап, бәрін алды.

***

Алдап-сулап,

Шатырға отырғызды.

Ақшасын алып,

Тақырға отырғызды.

***

Ақша үшін АРын сатты,

Бойындағы барын сатты.

***

Доллары болғанда, достасты…

Долларсыз қалғанда, қоштасты.

***

Болмаса қомақты «сыйың»,

Қазір «тіл табысу» да қиын.

Жаңа  дәуір  жайлы  әңгіме

– Қалқам, бір дәуір болады,

Ол біреуге жеңіл,

Ал, біреуге ауыр болады.

Дегенмен,

Кәсіпке жол кең болады,

Коррупцияға жол кем болады.

Ешкім айласын асыра алмайды,

Жалпы дүниесін жасыра алмайды.

Табыс көздері тексеріледі,

Таза, таза емесі ескеріледі.

Қысқасы,

Салық та қаржыға қарқ болады,

Халық та қаржыға қарқ болады,

Алда осындай жарық болады!

– Көке-ау, халыққа тәуір,

Ол қандай дәуір?

Ол дәуір қашан болады,

Қалтамыз қаржыға қашан толады?

– Ол декларация дәуірі.

Ой  салатын  орынды  жауап

– Аға, жас болсам да кей кісілерге қарағанда көргенім көп.

– Әй, сенің жарық дүниеге келгенің кеше ғана ғой. Не көріп үлгердің?

– Мен кешкісін кеш жатып, таңертең ерте тұруды әдетке айналдырғанмын.

Қазыбек  Әшірбекұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: