Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1 күнде 12 ауылдың әкімі сайланады

23.04.2025, 16:40 469

HALYQLINE.KZ

Қызылорда өңірінде өкілеттілік мерзімі аяқталған және мерзімінен бұрын өкілеттілігі тоқтаған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы кезең-кезеңімен өткізілуде.

ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес 1 маусымда 12 ауылдық округте әкімдер сайлауы өткізіледі.

Атап айтқанда:

Арал ауданындағы Мергенсай, Беларан, Қарақұм ауылдық округтері;

Қармақшы ауданындағы Ақай ауылдық округі;

Жалағаш ауданындағы Аламесек ауылдық округі;

Шиелі ауданындағы Ортақшыл, Жаңатұрмыс ауылдық округтері;

Жаңақорған ауданындағы Манап, Қожамберді, Көктөбе ауылдық округтері әкімдері сайланады.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, кандидаттардан ұсыну құжаттары қабылданады. Ал, кандидаттарды тіркеу 2025 жылғы 11 мамырда, сағат 18.00-де аяқталады.

Саяси науқанда 10 744 сайлаушы дауыс беруге құқылы. 16 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Мұнда 88 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.

Айта кетейік, әкімдер 4 жыл мерзімге сайланады.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: