Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалған вакцина таралды

03.02.2021, 10:20 331

HALYQLINE.KZ Қытайда жалған вакцина таратқан 80 адам ұсталды. Оңай олжа тапқысы келгендерді ҚХР-дың құқық қорғау органдары құрықтаған.

Қытай елінде өткен арнайы операция кезінде жалған вакцинаның 3 мыңнан астам дозасы табылған. Сондай-ақ, мамандар жалған вакцинаны даярлайтын орынды да анықтаған екен. Оны Пекин және Цзянсу, Шандунь провинцияларында жасап шығарып, сол аумақта сатқан. Қаскөйлер вакцинаның орнына кәдімгі «физраствор» құйып, оны жоғарғы бағада сатқан.

Қытай үкіметі тұрғындарға тек арнайы рұқсаты бар орындардан ғана вакцина қабылдауды ескертуде. Сонымен қатар, алаяқтыққа тап болған жағдайда ҚХР-дің құқық қорғау органдарына жылдам хабарласуды сұрауда.

Жергілікті газет Global Times-тың хабарлауынша, әлемдегі вакцина жетіспеушілігін пайдаланып, алаяқтар жалған вакциналарды шетелге алып шығуы да мүмкін. Дәлірек айтқанда, осыған дейін заңсыз вакцинаны Африка елдеріне контрабандалық түрмен алып шыға алғаны анықталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: