Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол ережесін бұзған жүргізушілер көп

30.12.2020, 16:30 406

HALYQLINE.KZ Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел басқару орталығының инспекторларымен 242 автокөлік жүргізушілері қарсы бағытқа шығу деректерін анықталып, олар бойынша патрульдік полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырылған.

Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен барлығы 16 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 14 мың жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.

Ағымдағы жылдың 11 айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының «102» арнасына 37 мыңға жуық қоңырау түсіп, полиция құзырына жататын 36 мыңнан астам хабарламаға қызмет көрсетілді.

Бейнебақылау камерасының көмегімен 102 қылмыстың беті ашылды. Бейнебақылаушылар азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында барлық күдікті әрекеттерді, адамдардың мінез-құлқын және бейнебақылау камерасына түскен күмәнді тұлғаларды жедел тексереді.

Қызылорда облысының Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: