Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жанжал соңы – адам өлімі

07.02.2024, 9:00 103

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С. берешек ақшаны қайтарып алу үшін Н.-мен кездескен. Сөйлесу барысында екеуінің арасында жанжал туындаған. Содан соң, С. жәбірленуші Н.-ға жақындап келіп, жүрек тұсынан пышақпен ұрған. Ауыр жарақаттың салдарынан Н. оқиға орнында көз жұмған.

Сот үкімімен сотталушы С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 000 000 теңге моральдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: