Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанда жол апатынан 2 адам көз жұмды (Видео)

02.11.2021, 16:30 465

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қарашада Жаңақорған кенті Хорасан ата көшесінде Toyota Hilux және ВАЗ-2107 маркалы автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі адам көз жұмып, тағы екеуі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Болған жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: