Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жалған ақша жарға жықты

17.11.2023, 11:05 121

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қаласының №2 сотында жалған ақшаны сақтап, бірнеше рет өткізген сотталушы Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Т. таныстарымен кездесіп әңгімелесу барысында, олардың қолында 2 бума құндылығы 20000 теңге жалған ақша барын көріп, жалған банкноттарды өткізу ниеті туындап, өзінің қылмыстық ойын айтып, одан 2 дана құндылығы 20000 теңге сериясы бар банкноттарын өткізу мақсатында сұрап алған.

Сотталушы Т. танысынан алып өзінде сақтап жүрген жалған ақшаны өткізу мақсатында, өзінің басқаруындағы автокөлігімен газ құю бекетіне келіп, 2500 теңгеге газ құйдыртып, бекет қызметкерімен 1 дана құндылығы 20000 теңге сериясы бар жалған ақшамен есептесіп, жалған ақшаны өткізіп, 17500 теңге ҚР Ұлттық Банкінің түпнұсқалық ақшасын қайтарым ретінде алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жалған банкнотаны өткізу арқылы қылмыстық жолмен пайда тапқаны үшін әшкереленбей, жазасыздықты сезінген Т.-да жалған ақшаны бірнеше рет өткізу ниеті туындап, ары қарай, ол танысының автокөлігінің жүк салғышында жалған банкноттар сақтаулы тұрғаны есіне түсіп, онымен кездесіп, оған өзінің қылмыстық ойын айтып жеткізіп, 1 дана құндылығы 20000 теңге сериясы бар банкноттарын өткізу мақсатында сұрап алған.

Кешкілік уақытта Т. жалған банкнотаны бірнеше рет өткізу мақсатында, өзінің басқаруындағы автокөлігімен өзінің қылмыстық ойынан бейхабар туған інісімен бірге мотор майларын сататын дүкенінге келген. Әрі қарай, Т. дүкен ішіне кіріп, сатушының ұялы телефонмен сөйлесіп тұрғанын пайдаланып, 8500 теңгеге мотор майы мен автобөлшектер сатып алу үшін 20000 теңгелік сериясы бар жалған ақшамен есептесіп, өткізіп, 11500 теңге ҚР Ұлттық Банкінің түпнұсқалық ақшасын қайтарым ретінде алмақшы болғанда, сатушы ақшаның шынайылығына күмәнданып, полиция қызметкерлерін шақырған.

Сот үкімімен Т. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 231-бабының 2-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшінде.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: