Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметі мен полиция жұмысының түрлі бағыттарын көпшілікке таныстырып жүрген «Полицейдің күнделігі» айдары аясындағы «Заң сөйлейді» подкастының кезекті шығарылымы интернет алаяқтығы мен киберқауіпсіздік мәселелеріне арналды.
Заң мен тәртіпке негізделген подкасттың бұл шығарылымында интернет алаяқтарының кең таралған тәсілдері, азаматтардың жеке және банк деректерінің қауіпсіздігі, күмәнді қоңыраулар мен сілтемдерден сақтану, дропперлік және оның құқықтық салдары қамтылды.
Кезекті шығарылымның спикері – Қызылорда облысы Полиция департаменті Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция подполковнигі Ермаханов Нұртілек Тұрмаханұлы.
Сұхбат барысында интернет алаяқтығының алдын алу, азаматтардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында полиция тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, алаяқтыққа тап болған жағдайда жасалуы тиіс алғашқы әрекеттер, сондай-ақ дропперлікке байланысты жауапкершілік туралы айтылды. Сонымен қатар интернеттегі қауіпсіздікке қатысты көпшілікті қызықтыратын бірқатар сұрақтарға маман жауап берді.
«Заң сөйлейді» подкасты алдағы уақытта да заң мен тәртіпке қатысты қоғам үшін маңызды тақырыптарды қамтып, сала мамандарымен мазмұнды сұхбаттарды ұсынады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!