Ұлттық құрылтай аясында көтерілген ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданған. Тағы 10 заң жобасы Құрылтайдың қарауына енгізіледі.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында мәлімдеді.
Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және Ұлттық құрылтайдың өздеріне жүктелген тарихи міндетті орындағанын атап өтті. Енді олардың қоғамдық диалог жүргізу тәжірибесі Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысында жалғасады.
Жаңа орган халықтың ұсыныстарын сараптап, оларды мемлекеттік саясат пен заң шығару үдерісіндегі талқылауларға жеткізеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!