Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Трансұлттық ұйымдасқан топтың мүшелеріне қатысты сотпен айыптау үкімі шығарылды

05.10.2022, 10:05 402

HALYQLINE.KZ

ТМД елдерінің азаматтарынан құрылған трансұлттық ұйымдасқан топтың мүшелеріне қатысты сотпен айыптау үкімі шығарылды.

Осы топтың мүшелері шетел мемлекеттердің бірінде жалған АҚШ долларын және евроны шығаруды, одан әрі оларды Қазақстан Республикасының аймағына кіргізу және өткізу тәсілін жолға қойған.

Қылмыстық топ мүшелерімен жалған шетел ақшалары Алматы мен Қызылорда қалаларына жеткізіліп, одан әрі өткізілген. Жалған ақшаның келесі партиясын Қызылорда қаласында өткізу сәтінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен құрықталған.

Топ мүшелерімен бірге соттың үкімімен осы қылмыстық топпен аса ауыр қылмыс жасалғанын біле тұра хабарламағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа Қазақстан Республикасының азаматшасы тартылды.

Топтың 4 мүшесі 9 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қазақстан азаматы 2 жылға бас бостандығы шектелді. (Жалпы 5 адам) 

Жалпы топ мүшелерінен арнайы операция жүргізу нәтижесімен жалған 19 800 АҚШ доллары және 500 евро тәркіленді.

Бүгінгі күні сот үкімі заңды күшіне енбеген, қылмыстық істің апелляциялық тәртіпте қаралуы күтілуде.

Қызылорда  облысының  прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: