Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқмағамбетовтегі текетірес

13.10.2020, 16:50 1590

HALYQLINE.KZ Осы жылдың 11 қазанында Сырдария ауданы, А.Тоқмағамбетов ауылындағы күріш егістігінде, «Тоқмағамбетов жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі егістікті күзетуші «AzamatSecurityGroup» күзет агенттігінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының арасында жанжал туындаған.

Келіспеушілік кезінде егістік күзетшілеріне белгісіз азаматтар күш қолдану барысында күзетші қызметтік травматикалық қарумен («МР-47») аспанға бағыттап бір мәрте ескерту оғын атқан және күзетшілермен автокөлік басқарып адам қағу деректері болған. Дерек бойынша Сырдария АПб-мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 252-бабымен күзет қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқиға орнында тиісті құзырлы органдардың өкілдері облыстық және аудандық прокуратурасы мен Полиция департаментінің басшылығы жиналған тұрғындарға заң шеңберінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, күріш алқабында болған жанжал нәтижесінде азаматша «А.Тоқмағанбетов» ЖШС-нің заңгерін белгісіз ауыл тұрғындары ұрып, дене жарақатын салу дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағында көзделген «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы қоғамдық тәртіпті сақтамай бұзақылық қылмысын жасау» қылмыстық іс тергелуде.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, қорытындылары күтілуде.

Тергеу барысы облыстық прокуратура және полиция департаменті бастығының бақылауында.

Сырдария ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерімен қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер немесе кәсіпкерлікке кедергі келтіру деректері орын алмаған, қызметкерлер заң шеңберінде өздеріне тиісті міндеттерін атқарды.

Қазіргі таңда, «Асқар Тоқмағамбетов жер» шаруа қожалығы мен жергілікті халық келісімге келді.

Оқиға басында ахуал тұрақты.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: