Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төреғали Төрәлі екі рет құқық бұзған деп айыпталды

04.07.2023, 16:29 327

HALYQLINE.KZ

Эстрада әншісі Төреғали Төреәлі тағы екі рет құқық бұзған деп айыпталды.
«Сот шешімімен А. 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды және алты айға көлік құралын басқару құқығынан айырылды», – деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметінен.

Төреғали Төреәліге Алматы көшелерінде көлік жүргізіп келе жатып, тұтас қос жолақты жол белгісі бар жерде бұрылған және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған деген айып тағылып отыр.
«14 маусым күні Алматы көшелерінде көлік жүргізіп келе жатып, тұтас қос жолақты жол белгісі бар жерде бұрылған және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған», – делінген хабарда.


Хабарда көрсетілгендей, әнші аталмыш деректі растап, өкініш білдірген. Ол ҚР ӘҚбК 596 бабы 3 бөлімі бойынша айыпты деп танылған.

Еске салсақ, Бұған дейін Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде ЖКО жол бергені үшін 20 тәулікке қамауға алынған еді. Сосын оған тағы да үш тәулік қосылды.

Осы кезде эстраданың біраз әншілері оған араша сұраған. Тіпті әнші Тоқтар Серіков «Еркелігіңді көтеретін ел қалмапты. Мықты бол, бауырым» деп, халықты кінәлап сөйлеген еді.

Kaztag

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: